Айыппұл төлеп, түрмеден құтылуды сұрады. Бүгін прокурор кінәсін толық мойындаған әкем театрдың бұрынғы директоры Ерлан Біләлге 90 миллион теңге төлеп, судьяға бас бостандығынан айырмау жазасын ұсынды. Яғни, бұл алған ауызбастырықтың 60 есеге көбейтілген сомасы. Сондай-ақ осыған дейін қол жеткізген «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», «Намыс», «Құрмет» ордендерінен және өмір бойы мемлекеттік мекемеде қандай да бір қызметке тұру құқығынан айыруды сұрады. Ал Ерлан Біләлдің қорғаушысы оның қант диабеті, жүрек ауруына шалдыққанын, сондықтан бірнеше жылдан бері ауруханада тіркеуде тұратынын алға тартты. Оған қоса, отбасының жалғыз асыраушысы және кәмелеттік жасқа толмаған балаларының бар болуын ескеріп, жазасын барынша жұмсартуды, яғни, прокурор сұраған соманы азайтуды сұрап отыр. Ал жемқорлыққа қарсы агенттікке көмектескен Қайрат Баянов Ерлан Біләлдан моральды шығын ретінде 1 млн теңге талап етті. Айтуынша, әрекетін құптамаған халықтан түрлі ауыр сөздер естіп, көңіліме кірбің салды, дейді. Енді куәгердің түсірген азаматтық шағымы үкім шығарарда қарастырылады.