Елімізде мектеп бітірушілер жоғарғы оқу орнына түсу үшін Ұлттық біріңғай тестілеу тапсырады. Білім және ғылым министрлігі ақпарат көздеріндегі «университетке түсу үшін тест тапсыру міндетті емес» деген мәліметті шындыққа жанаспайды, деді.
«2018 жылы Ұлттық біріңғай тестілеу 2017 жылы енгізілген форма түрінде өткізілетін болады. Бұл сынақ түрі жоғарғы оқу орнына ең білімді деген талапкерлерді таңдау. Сондықтан жоғары білім алам деушілерге тестілеу қабылдау емтиханы ретінде биыл да өз күшінде қалады», - деді ҚР Білім және ғылым министрлігінің бас маманы Наужан ДИДАРБЕКОВА.