Алматы-Дели ұшағында үнді азаматтары шу шығарған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Sputnik. Полиция қызметкерлері Алматы – Дели рейсінен екі Үндістан
азаматын шығарып алды, деп хабарлайды көліктегі ІІД баспасөз қызметі.
Ұшақта тәртіп бұзушылар туралы «Эйр Астана» өкілі Алматы әуежайындағы ішкі істер
бөліміне хабарлапты.
Анықталғандай, 42 жастағы екі Үндістан азаматы мас күйінде ұшаққа мініп, өздерін дөрекі ұстаған, балағат сөздер айтып, ескертулерді құлақтарына да ілмеген.
Әуежайға жеткен көліктегі полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тәртіп бұзушыларды ұшақтан түсіріп алды.
Медициналық сараптама қорытындысы бойынша, қос азамат жеңіл дәрежеде мас болған. Оларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, әрқайсысына 5 АЕК (12 025 теңге) айыппұл салынды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қыркүйекте қазақстандықтар қанша күн демалады
14.09.2026 13:00
Алматыда 14-20 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
15.09.2026 13:40
15 қыркүйекке арналған валюта бағамы
15.09.2026 09:04
14 қыркүйекке арналған валюта бағамы
14.09.2026 09:00
Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы атанды
14.09.2026 11:13