Павлодар облысында «Мінсіз сот» пайда болды

Павлодар облысында «Мінсіз сот» пайда болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Енді Баянауыл ауданындағы Майқайың ауылының тұрғындарына сот процестеріне қатысу үшін аудан орталығына барып әуреленудің қажеті жоқ, олар сот істеріне онлайн режимінде қатыса алады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

ҚР Жоғарғы сотының «Сот жүйесінің 7 үлкен тасы» бағдарламасы аясында аудандық сот төрағасы Дулат Салатовтың бастамасымен «Мінсіз сот» жобасы іске қосылды.  

Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, Баянауыл ауданының соты, прокуратурасы, полициясы және Майқайың ауылының әкімдігі арасында бейнеконференциялық байланыс көмегімен сот отырыстарын өткізуге арналған залдың ашылуы туралы төрттараптық меморандумға қол қойылды.  

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, осы жаңа әдістің арқасында 80 шақырым қашықта орналасқан аудан орталығына шапқылап, уақыт пен жолға ақша кетірудің қажеті болмай қалған.  


Новости партнеров