Ислам институтының ұстаздары жылына 300 имамға дәріс оқиды

Ислам институтының ұстаздары  жылына 300 имамға дәріс оқиды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Дін дәстүрді ығыстырмайды. Керісінше, жаңылып жүрген жұртқа имамдар жол сілтеуге септеседі. Ал имамдардың халыққа  сауатты уағыз айтуы үшін Ислам институтының ұстаздары  жылына кем дегенде 300 имамға дәріс оқиды. Тіпті, білім алуға  шет елдің дін өкілдері де келеді екен. Биылдыққа отандық және өзге елден бас-аяғы  84 дін өкілі дәріс алуға кірісті. Оның ішінде Ресейдің Алтай мен Саратов өңірінен келгендер бар. Сондай-ақ Монғолиядан 45 имам бар. Олар бұрынғыдай 21 сабақты 4 ай емес, қазір 2 айда 12 пәнді меңгереді. Осы ретте, дін өкілдерінің жан-жақты болуы, әсіресе қазақи дәстүрді жіті білулері  басты назарға алынып отыр. 

«Біздің имамдарымыз қазақи дәстүрлі діни тұлғалар болуы керек. Әр елдің өзінің әдет-ғұрпы, дәстүрі болады. Оны білмей, одан тәжиірбие алмай молда болған имамдар халықпен жұмыс істесе алмайды. Қазақ халқы ас бергенен, үлкендерден бата алғанан, үйге келін түссе, оның сәлем салуынан дінімізді басқа дінге өзгертіп жіберген жоқпыз», - деді   Республикалық имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтының директоры  Кенжеәлі ҚАЖЫ ҚОҢЫРАТБАЙҰЛЫ.


Новости партнеров