Алматылықтар әлем тілдерін тегін үйрене алады. "Тіл саябағы" атты ашық аспан астындағы курс осымен екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Шет тілдерді үйренуге 6 жастан бастап қатысуға болады. Ал биылғы жылдың ең қарт оқушысы - 82 жаста. Тегін тіл курсына қатысқысы келетіндердің тізімі үш мың адамға жеткен. Оқу орталығы "Family" және Орталық саябағында күнделікті таңертеңгі сағат онда ұйымдастырылады. "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында өткен оқу курсының соңында әрбір қатысушыға ағылшын тілінің Education first - дәрежесі бойынша сертификаттар беріледі.
«Былтыр бастағанбыз. 1200 баланы үш тілде тегін оқыттық. Қазақ, орыс және ағылшын тілі. Биыл кішкене аясын кеңейтіп, 8 тілді беріп жатырмыз»,-деді Алматы қаласы медеу ауданының әкімі Ержан ЖЫЛҚЫБАЕВ.