Ынтымақ пен бірліктің мерекесін Алматының әр ауданы тойлауда

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ынтымақ күнін мерекелеуден қала аудандары да қалыс қалмады. Айталық, Әуезов ауданында 30 түрлі шатыр орнатылып, онда әр этнос өкілдері өздерінің ұлттық тағамдарын қойды. Шараға келушілер ерекше дастарханнан дәм татып, ақ тілегін жаудырды. Сондай-ақ қолөнер бұйымдарымен, музыкалық аспаптарымен және көз тартар ерекше киім үлгілерімен де таныстырды. Бостандық ауданының тұрғындары таң сәріден «Мега» сауда орталығының алдында жиылды. Алаңның төріне қойылған сахнада әншілер мен этно-мәдени бірлестік өкілдері өнер көрсетті.

Ал Алатау ауданындағы халық мерекені тойлауға стадионға ағылып жатыр. Алаңдағы концерт Достық биімен басталды. Шағын қойылымда қазақ жерінде мекен ететін ұлттың барлығы өз киімдерімен шығып, ұлттық биін биледі. Сондай-ақ балалар арасында асықтан жарыс өтіп, топ жарғандары марапатталды. Ынтымақ пен ырыстың, татулық пен достықтың мерекесі Наурызбай ауданында да өз жалғысын тапты. Мұнда ауданның дамуына үлес қосқан 20-дан астам азаматқа алғыс хат табыс етілді.


Новости партнеров