Ирактағы соғыс аймағынан Қазақстанның 14 азаматы құтқарылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ирактағы соғыс аймағынан Қазақстанның 14 азаматы құтқарылды. Оның 10-ы балалар. Еліміздің Сырты істер министрлігі азаматтардың елге қайтару мәселесін қарастырылып жатқанын мәлімдеді. Жауапты ведомостваның айтуынша, құтқарылғандардың арасында бір ер, үш әйел адам және он бала бар. Қазір бұл іспен Қазақстанның Иорданиядағы елшілігі айналысып жатқан көрінеді. Күні кеше Шешенстанның басшысы Ирактың Таль-Афар қаласынан 12 адамның құтқарылғанын айтқан еді. Олардың алтауы қазақстандық. Ал еліміздің Сыртқы істер министрлігі қандай да бір ақпарат беруден бас тартып отыр.

«Бұл кісілер сол жаққа қалай барғанын, не себеппен қалай шығарылғаны туралы ақпаратты қазір біз анықтап жатырмыз. Қосымша мәліметтер түскен кезде сіздерге беретін боламыз», - деді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Әнуар ЖАЙНАҚОВ.


Новости партнеров