Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-қа ресми сапарының қорытындылары жөнінде кеңес өткізді

Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-қа ресми сапарының қорытындылары жөнінде кеңес өткізді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарына ресми сапарының қорытындылары жөнінде кеңес өткізді. «Сапар табысты болды. Ең бастысы, нақты мәселелер бойынша уағдаластықтарға қол жеткіздік», - деді. Сонымен қатар, елбасы шетелдік компаниялармен экономикалық ынтымақтастықты нығайтып, дамыту жөніндегі міндеттерді іске асырудың маңыздылығын атап өтті. Президент іс-сапары барысында америкалық іскер топ өкілдерімен  7 миллиард доллардан артық сомаға инвестициялық келісім жасалған. Сауда-экономикалық ынтымақтастық, авиациялық, ғарыштық өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, көлік сынды көптеген салаларды қамтыған  20-дан астам екіжақты экономикалық құжатқа қол қойылды.  

«Ел үшін, халқымыз үшін,  менің айтып кеткенімдей,  үлкен табысты нәрселер бар. Келіскен сөздер бар. Америкалық үлкен компаниялардың Қазақстанға келеміз деген уәдесі бар. Жасап жатқан жұмыстары бар. Болашақта бірге істейтін жұмыстар бар. Өңірлік, халықаралық, дүниежүзілік деңгейде. Бәрін пысықтап, тапсырмалар беруіміз керек», - деді  Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.  


Новости партнеров