|
23.01.2018 | 16:49
1179

Алматыда 416-шы бағыттағы автобус жол жиегіндегі ағашқа барып жаншылған

Алматыда 416-шы бағыттағы автобус жол жиегіндегі ағашқа барып жаншылған

Алматыда 416-шы бағыттағы автобус жол апатына ұшырады. Сүйінбай даңғылымен жүйткіп келе жатқан қоғамдық көлік, жол жиегіндегі ағашқа барып жаншылған. Автобуста 20 жолаушы болып, 5 адам жарақаттаныпты. Ал, алты жасар бала жедел-жәрдеммен ауруханаға жеткізілген. 

«Балаға бірінші көмек көрсетіліп, жараларына бірінші хирургиялық көмек жасалынып, қазіргі жағдайда бала ауруханада ем қабылдап жатыр. Қазіргі таңда баланың жағдайы жақсы»,-деді Алматы қаласы «Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығы» мкк бас дәрігерінің орынбасары, Дінмұхамед РУЗУДДИНОВ.

Автобус жүргізушісінің сөзінше, белгісіз көлік оның жолын қиып кетпек болған. Осыдан кейін, ол көлік тізгініне ие бола алмай, жол жиегіндегі ағашқа соғылған. Жол апаты дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир