Жаңалықтардан көретіндеріңіз:
Қайырымдылық шарасы: қамкөңіл бүлдіршіндерге домбыра сыйға тартылды
Астана күні қарсаңында балалар үйінің тәрбиеленушілеріне домбыра тарту етілді. Алматыда өткен қайырымдылық шарасында қолдарына домыра алған өзге ұлттың балалары күйден шашу шашты. Бойында туа бітті кемістігі бар бүлдіршіндерге де қазақтың ұлттық аспабын сыйлады.
Демалыс күндері еліміз бойынша 20 адам суға кеткен
Қазақстанда демалыс күндері 20 адам суға батып кетті. Қайғылы оқиғаның тізімін Шығыс Қазақстан облысы бастап тұр. Аймақта сенбі мен жексенбіде бірден бес адам суға кеткен. Мерт болғандардың көбі рұқсат етілмеген жерде шомылған.
Алматыда дәстүрлі «Нұрсұлтан шыңы» альпиниадасы өтті
Алматыда өткен дәстүрлі альпиниадаға биыл 5000-нан астам адам қатысты. Теңіз деңгейінен 4 мың 376 метр биіктікте орналасқан «Нұрсұлтан шыңын» 200-ден астам адам бағындырды. Осы жылы бұқаралық спорттық шара Астананың 20 жылдығына арналды.
Шілде айында тұрақсыз ауа райы сақталады
Алматыда алдағы күндері ауа температурасы 38 градусқа дейін көтеріледі. Синоптиктер ыстық ауа-райы қанша уақыт сақталады деп отыр? Алматы қаласы бойынша Қазгидромед филиалының жетекші инженер-синоптигі Айжан Жандосова ауа райына қатысты өз болжамдарымен бөліседі.
Осы және өзге де жаңалықтарды мына жерден көріңіздер: