|
12.07.2018 | 11:42
1494

Қорытынды жаңалықтар (11.07.18) видео

Қорытынды жаңалықтар (11.07.18) видео

Жаңалықтардан көретіндеріңіз:

Алаяқтар «науқас қыз баланың емі» туралы жалған хабарлама таратып, ақша жинаған

Қазақстандықтар мен ресейліктер өмірде жоқ баланың еміне қаражат жинап келген. Ал шындығында, дәл осы көмекке мұқтаж жан өмірде бар ма?

«Алматы-2» теміржол бекеті жұмысын тоқтатуы мүмкін

Алматыдағы ең ірі теміржол вокзалдарының бірінде өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмай келген. Енді қалалық Төтенше жағдайлар департаменті бірнеше өрескел заңбұзушылықты анықтап, хаттама толтырып, істі қалалық әкімшілік сотына жолдаған.  

Астанада қалдық иісін шығармайтын жерасты қоқыс жәшіктері орнатылды

Астанадағы күлімсі иіс жоғалды. Қала тазалығына жауапты компания біртіндеп жерасты қоқыс жәшіктерін орнатып жатыр. Бұл тұрмыстық қалдықтардан иістің тарамауына, әрі шашылып қалмауына мүмкіндік береді.

«Армия-2018» ойындары: еліміздің бомбалаушы ұшақтары алдағы аптада шетелге аттанады

Қазақстандық ұшқыш-мергендер әлемнің 20-дан астам елінің бомбалаушы техникалары келетін «Армия-2018» ойындарына қатысады. Брондалған алты тікұшақ және  үш жойғыш ұшағы жарты ай бойы көрші елдің көгінен ракеталар мен снарядтарды атқыламақ. 

Осы және өзге де жаңалықтарды сағат 19:00-де «Алматы» телеарнасынан немесе https://almaty.tv/broadcasting сайтынан онлайн түрінде көріңіздер:

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир