|
13.07.2018 | 10:59
1869

Қорытынды жаңалықтар (12.07.18) видео

Қорытынды жаңалықтар (12.07.18) видео

Алматыда қала күні қарсаңында тағы бір саябақ ашылады

Алматының туған күні қарсаңында тағы бір заманауи саябақ ашылады. Енді Абай даңғылы бойындағы арықтар кеңейтіліп, жаяу жүргіншілер қыдыратын мекенге айналмақ.

Астана әкімінің орынбасарына қатысты тергеу амалдары басталды

Астана әкімінің орынбасары Сергей Хорошунға қатысты тергеу басталды. Құзырлы органдар Астана тұрғынының шағымынан кейін шендінің жемқорлыққа қатыстылығын тексеруге кірісіп кетті.

Алматы аудандарындағы аулалар жаңартылуда

Алматының ескірген аулалары жаңаруда. Жыл соңына дейін Алмалы ауданындағы 60 аула толықтай түрленеді. Аулаларды түрлендіру жұмысы қала бойынша қарқынды жүргізілуде. 

Арбаттағы ағаштарды заңсыз кескен кәсіпкер жазасын алады

Жасырынып жасыл ағаш кескендер ұсталды. Алматының «Арбаты» аталып кеткен, көпшілік көп жүретін демалыс орнында көп жылдық ағаштарды түн жарымында сұлатуға сол жерде орналасқан сауда үйінің иесі тапсырыс беріпті.

Осы және өзге де жаңалықтарды сағат 19:00-де «Алматы» телеарнасынан немесе https://almaty.tv/broadcasting сайтынан онлайн түрінде көріңіздер:

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир