|
07.03.2017 | 10:36
7930

«Ардагер-Ветеран» кооперативінің тұрғындары бірнеше күннен бері жарықсыз қалған

«Ардагер-Ветеран» кооперативінің тұрғындары бірнеше күннен бері жарықсыз қалған

Кооператив тұрғындары қарыздың астында қалуға мәжбүр. Алматы облысының Іле ауданына қарасты «Ардагер-Ветеран» бағбандық тұтынушылар бірлестігінің тұрғындары жарық үшін төленетін қаржыны уақытылы жауып жүрсе де, қарыздың неге өтелмей жатқанына наразы. Бірлестіктің «АлматыЭлектроСбыт» серіктестігіне берешегі 4 миллионнан асқан. Кооператив басшысы жарық беруші компанияға кепілхат жазғанымен халық жиналып қалған қарызды өтей алмайтындарын айтты.

«Ардагер-Ветеран» кооперативінің тұрғындары бірнеше күннен бері жарықсыз қалған. Төлемдерді дер кезінде жауып отырған халықты жиі өшетін жарық әбден мезі еткен көрінеді. 27 ақпанда өшкен жарық 2 наурыз күні ғана қосылыпты. Коопертив басшылығы «АлматыЭнергоСбыт» серіктестігінің атына жарық беру туралы өтініш жасап, кепілхат жазған соң ғана жарықты қайта қосқан екен. Тіпті бір өшіп, бір жанған электрдің кесірінен тоңазытқыш, теледидар сияқты техникалар күйіп кеткен.

«Жарыққа төлемесеңіз, қиып кетем, тексеретін адамдары ай сайын ауысып тұрады, әрқайсысы келіп бір қорқытады. Қорқытса да, қорқытпаса да біз төлейміз. Өзіміз үшін төлейміз ғой. Балам ақша алса төлейді, өзім зейнетақы алсам төлеймін», - деді «Ардагер-ветеран» бағбандық тұтынушылар бірлестігінің мүшесі Рыскүл ЕРЖАНОВА.

Жарыққа уақылы төлеп отырған қаржы қайда кетіп жатыр? Бұл сұрақты «Ардагер-»Ветеран» бағбандық тұтынушылар кооперативінің тұрғындарын мазалап жүргеніне бірталай жыл болған көрінеді. Жыл сайын ауысатын басшылықтан да еш қайран жоқ дейді жергілікті тұрғындар.

«15 жылдан бері мына төрағалар дегендер тұрақсыз болып жатыр. Екі жылдан бері біреуі келеді, кетеді. Айқай-шу», - деді «АРдагер-ветеран» бағбандық тұтынушылар бірлестігінің мүшесі Рыскүл ЕРЖАНОВА.

Тұрғындарды жылдар бойы алдап келген бірлестіктің бұрынғы төрайымын қазір жұрт таба алмай жүр. Ал оның орнына келген жаңа басшы жиналып қалған қарызды өтеуге тырысып жатқанын айтты.

«Басында мен келгенде 2 млн 300 мың теңге қарыз болған. Бірнеше күннен кейін 2 млн 400 мың қосылып, барлығы 4 млн 600 мың болды. Біз ол қарыздарды төлеп жатырмыз. Қыс мезгілі бола бізде ондай қомақты сома жиналмайды. Қарызымызды бәріміз төлеуге тырыссақ та, барған сайын көбеюде. Наурыз айынан бастап «АлматыЭнергоСбыт» жарық беруден бас тартты. Сондықтан кепілхат жазуға мәжбүр болдым. Себебі халық жарықсыз отыра алмайды», - деді «Ардагер-ветеран» «ардагер-ветеран» бағбандық тұтынушылар бірлестігінің төрайымы Наталья НЕПОЧАТОВА.

Аймақты электрмен қамтып отырған «АлматыЭнергоСбыт» өкілі аталмыш кооперативте мұндай мәселе жыл сайын туындайтынын айтты. Көктем шыға берешек ақшасын төлей алмайтын серіктестіктер артатын көрінеді.

«Кооператив басшысы қарызды өтейміз деп кепілхат жазып берді. Ол хатта 27 наурызға дейін берешек ақшаны әр апта сайын 1 млн 200 теңгедей төлеп отырамыз, Егер қарызды өтемесе біз жарықты қиып тастауға құқылымыз және олардың бізге еш шағымы болмайды делінген», - деді «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС директоры Андрей МУКАЖАНОВ.

Бұрынғы басшылардың былығы еш бақылау мен тәртіптің жоқтығынан қарапайым халықтың қиналуына тура келіп тұр.

Назкен Байтілес, Рашит Шүкірәлиев, «Алматы» телеарнасы  


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир