Алматыда жатақханалардың бірінде өрт шықты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда жатақханалардың бірінде өрт шығып, 230 адам эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Сағат 23.16-да Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментіндегі"101" пультіне Бостандық ауданы, Ғабдуллин көшесі, 2-үйде өрт шыққаны жайлы хабар келген.
"Өрт сөндірушілер оқиға орнына 6 минуттан соң барды, сағат 23.22-де. Төртінші жатақхананың 3-қабатындағы бөлмелердің бірі өртеніп жатқаны анықталды. 230 адам эвакуацияланды", - деп хабарлады қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.
Айта кетейік, тілсіз жауды ауыздықтауға жатақхана қызметкерлері өрт сөндіру крандарын қолданған. Қызыл жалын 18 шаршы метрді шарпыған.Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қыркүйекте қазақстандықтар қанша күн демалады
02.09.2026 12:09
Алматыда 31 тамыз-6 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
02.09.2026 09:09
Президент ШЫҰ мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысты
01.09.2026 12:40