Ақтөбе облысының тәртіп сақшылары өртенген автобустың иесін тексеріп жатыр

Ақтөбе облысының тәртіп сақшылары өртенген автобустың иесін тексеріп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбе облысының тәртіп сақшылары 52 Өзбекстан азаматы тірідей жанып кеткен автобустың иесін тексеріп жатыр. Бұл жөнінде тілшілерге облыстық Ішкі істер департаменті басшысының орынбасары мәлімдеді. Белгілісі, автобус Ордухан Мехтиев есімді азаматқа  тиесілі болып шықты. Айта кетейін, тірі қалған үш жүргізушіге де қатысты тергеу жүргізілуде. Ал істі анықтайтын басқа мән-жайларды құқық қорғау органдары тергеу мүддесі үшін деп жарияламай отыр.

«Бұл жайтқа қатысты қылмыстық іс өндірісте, тексеріліп жатыр. Жедел-тергеу тобына кәсіби маман жұмылдырылды. Тергеу Өзбекстан Республикасының құқық қорғау органдарымен тығыз байланысты жүргізілуде. Қазір іс бойынша 3 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылуда», - деді Ақтөбе облысы ІІД басшысының орынбасары Ернат ҚАЛИАҚПАРОВ.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 18 қаңтар күні Ақтөбе облысында орын алды. Ресейге бара жатқан 57 жолаушысы бар автобус өртке оранып, 52 адам қайтыс болды. Жанып жатқан автобустан тек 5 адам шығып үлгерген.


Новости партнеров