|
05.09.2018 | 23:33
3915

Дәлелсіз айыптар білікті мамандарды медицина саласынан кетуге мәжбүрлеуде – Біртанов

Дәлелсіз айыптар білікті мамандарды медицина саласынан кетуге мәжбүрлеуде – Біртанов

Дәрігерлердің көпшілігі қызметтерінен кеткісі келеді. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов медицинадағы даулы мәселелер мен оқыс оқиғалар білікті мамандарды жұмысын тастауға мәжбүрлеуде деді.

Ал халықтың көбі нақты шешім шығып, мәселенің мән-жайы анықталмай жатып, ақ халаттыларды кінәлай жөнеледі деді ведомство басшысы. Сондықтан жұрт наразылығына төзе алмаған дәрігерлердің біразы басқа саланы таңдап кеткен.  

«Көп дәрігерлер қызметтен кеткісі келеді. Мен медициналық мекемелерге әдейі бардым, мамандармен тілдестім. Әрине, қылмыстық іске тап боламын деген үлкен қысым мен қорқыныш бар. Сондықтан біз аса абай және тура болуымыз керек. Өйткені, еш дәлелсіз айып өз ісін білетіндер мен білікті мамандарды медицина саласын тастауға мәжбүрлеуде», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир