|
14.11.2017 | 18:13
3109

Қазақтың белгілі жазушысы Дулат Исабеков - 75 жасқа толды

Қазақтың белгілі жазушысы Дулат Исабеков - 75 жасқа толды

Қазақтың белгілі жазушысы, драматург Дулат Исабеков - 75 жасқа толды. Алматыда өткен қаламгердің шығармашылық кешіне зиялы қауым өкілдері мен әдебиетсүйер халық жиналды. Жазушының алғашқы туындылары 1963 жылы жарық көрген. Талай жинақтар мен повестердің авторы. Қаламгердің «Әпке», «Мұрагерлер» сияқты пьесалары еліміздің театрларында сахналанып, көрермендер көзайымына айналды. Ал, қазақ киносына қосқан үлесі тағы бар. Еліміздің мемлекеттік, тәуелсіз «Тарлан» сыйлықтарының иегері. Жазушының мерейтойы қарсаңында қысқа әңгімелері топтастырылған екі жинақ жарық көріп, «Аққу-Жібек» пьесасы лондонда ағылшын тілінде сахналанған.

«Бәріміздің рухымызды біріктіретін ол не? Ол әдебиет пен мәдениет. Осы әдебиет пен мәдениетке сіздер көбірек көңіл бөлсеңіздер, елде не болып жатыр, көрсеңіздер, оқысаңыздар, көңілге тоқысаңыздар, сөйтіп соның қадіріне жете білсеңіздер біз мәдениетті ел боламыз»,-деді Жазушы, драматург, ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері, Дулат ИСАБЕКОВ.

 

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир