Жаңартылған кітаптар оқушының тасуына жеңіл болады

Жаңартылған кітаптар оқушының тасуына жеңіл болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл еліміздегі 3, 6 және 8 сынып оқушылары оқу жылын жаңартылған кітаптармен бастайды.

Алматыда бүгінгі таңда 7 миллионнан астам оқулық пен жұмыс дәптерлері мектептерге жөнелтілуге дайын тұр. Олар 20 тамызға дейін мектептерге таратылып бітуі тиіс. Жаңартылған оқу-құралдарын Қазақстан мен Ресей мамандары қарап шыққан. Сонымен қатар, отызға жуық мектепте сынақтан өткен. Білім және ғылым министрлігінің өкілдері оқушылар сөмкелерінің ауырлық тудырмауын да қарастырып жатқан көрінеді.  

«Негізінде, кітаптар ауырлау болады. 300 грамм болуы тиіс оқулықтардың орнына 400-500 грамм салмақтағы түрлері де кездеседі. Содан кейін барлық сын, реніш сөздердің бәрі бізге, баспаға тиеді. Егер сіздер сондай өнімдерді көрсеңіздер, демек, олар астыртын, рұқсатсыз жасалған немесе көшіріп басылған өнімдер болуы әбден мүмкін», – деді «Алматыкітап» баспасының директоры Гаухар САЙМАСАЕВА.

«30 пилоттық мектепте 3, 6, 8 сынып оқулықтарына сынақ жүргізілді. Бұрын тек бастауыш сынып оқулықтарына ғана жүргізетінбіз, енді жоғары сынып оқулықтарын да сынақтан өткізіп жатырмыз», – деді «Оқулық» ғылыми-практикалық орталығының директоры Бейбіткүл КӘРІМОВА.


Новости партнеров