Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Алматыда Денис Тенді өлтірді деген күдіктілердің қалай ұсталғаны туралы айтып берді.
Министр сондай-ақ, сол қайғылы оқиғадан кейін өзі отставкаға кету туралы ойлады ма және полиция қызметкерлері оқиғадан кейін жұмыстан босатылуы керек пе деген сұрақтарға жауап берді, деп жазады zakon.kz сайты «Время» газетіне сілтеме жасап.
Ішкі істер министрінің айтуынша, ол біреуді отставкаға жіберу немесе жұмыстан босату туралы ойламаған.
«Ең алғашқы ойым қылмыскерлерді тезірек табу болды!». Кейінірек, шу көтерілгенде, әріптестер Алматыда кездесу өткізіп, Ішкі істер департаменті басшылығының өзгеруін жариялайық деп ұсынды. Бірақ Күдебаев пен оның орынбасарын қызметтен босатқаннан не пайда? Олар шапшаң жұмыс істеді ғой», - дейді Қасымов.
Оның айтуынша, полиция қызметкерлері қылмыскерлерді ұстау міндетін орындады. Сол уақытта Кудебаев пен оның орынбасары, полковник Нурлан Мәсімов демалыста болған. Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Ізбасар Бектұров сол кезде жұмыс барысын қолға алып, оқиға орнына алғаш болып жеткен.
ІІД бастығының демалысқа шыққанына бар жоғы 2 күн болған. Ол Алматыға шұғыл түрде жетіп, операцияны өзі қадағалаған. «Бірақ Астанадан менің тапсырмам бойынша ІІМ Криминалдық полиция бөлімінің бастығы Арманбек Баймурзин жетті. Ол қылмыскерлерді іздеу операциясын жіті қадағалады» деді ІІМ басшысы.
Сол кезде ол өзі Ақтауға іссапарда болды, бірақ оқиға орнынан үнемі хабар алып отырған.
«Баймұрзин операция тізгінің қолына алғаннан кейін, мен жұмыс барысынан хабардар болып отырдым. Маған сағат сайын күдіктілерді қалай іздеп, қандай шара қолданып жатқандығы туралы ақпарат түсіп отырды. Содан кейін мен Ақтаудан Бакуге ұшып, ТМД елдерінің Ішкі істер министрлерінің кеңесіне бардым. Қылмыскерлерді анықтау және ұстау операциясы анық ұйымдастырылып, тез және табысты аяқталды», – деді Қасымов.
Полицияның осы бағытта атқарған жұмыстары туралы мәліметті министр ашпады, бірақ жұмыс ауқымды және мақсатты екенін атап өтті.
«Көптеген қызметтердің қызметкерлері тартылды, жылдам және тез әрекет жасады, жүздеген азаматтармен сұхбаттасты, олар айтқандай, күндіз-түні жұмыс істеді. Келесі күні операция аяқталған соң, оқиға айқындала түсті. Бірінші күдікті ұсталды, екінші күдіктінің орналасқан жері анықталды. Әрине, мұндай жетістікке Алматы қаласының Ішкі істер департаменті қызметкерлерінің кәсіби біліктілігі себеп болды», – деді Қасымов.
Сонымен қатар, Қасымов қоғамда айтылып жүрген полиция жүйесінің құрдымға кеткендігі және реформа жүргізу мүмкін емес деген пікірлерімен келіспейтінің айтты.
«Мен бұл пікірмен мүлдем келіспеймін. Бірақ жүйені әрдайым жаңартып, жетілдіріп тұру керек. Реформалау – бұл ІІМ жүйесіне, әсіресе, полицияға сенімін арттыру және біздің қызметіміздің сапасын жақсарту болып табылатын процесс. Бұл міндет оңай емес. Біз өз қызметіміздегі тәртіпті қалпына келтіру үшін кадрларды тәрбиелеуге тырысамыз. Тәртіптің заңдылықтың бұзылуымен,, сыбайлас жемқорлықпен құрылымды және негізді түрде күресеміз. Біз мұндай арсыз құбылыстарды жасырғымыз келмейді. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері қол жетімді. «Министрдің блогы», сенім телефондары, бұқаралық ақпарат құралдарындағы барлық маңызды жарияланымдарға мониторинг жасау және жауап беру жүргізіліп жатыр», – деді Қасымов.