|
06.09.2018 | 21:47
3408

Қар жауып, аяз болады: қыркүйек айына арналған ауа райы болжамы

Қар жауып, аяз болады: қыркүйек айына арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет күздің алғашқы айы – қыркүйекке ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Sputnik. 

Тамыз айының соңындағы бұлтты және жаңбырлы ауа райы қыркүйекте жалғасады. Айдың басында арктикалық ауа массаларының қарқынды ығысуына байланысты солтүстік, шығыс пен елдің орталығында күн қатты суытуы мүмкін. 

Елдің солтүстігінде 1-2 қыркүйекте, орталықта 2-3 қыркүйекте, шығыста 3-4 қыркүйекте түнде ауа температурасы түнде 1… 6 градусқа дейін төмендейді, кей жерде 3 градус аяз болады, күндіз 8…16 градус жылы болады.

Тек батыс және оңтүстік өңірлерде күн жылы және жауын-шашынсыз болады, ауа температурасы күндіз 23…30 ыстық деңгейінде сақталады. 

Ұзақ мерзімді ауа райы болжамына сәйкес, елдің солтүстік бөлігінде қыркүйектің ортасында және үшінші онкүндігінде күн суытып, түнде үсік жүреді, жаңбырдың соңы жабысқақ қарға ұласады. 

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

қар
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир