Қарабатандағы қайғылы жағдайдың қорытындысы жарияланды

05.04.2018 16:12

Қарабатандағы қайғылы жағдайдың қорытындысы жарияланды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі құрған комиссияның тексеруі нәтижесінде адамның өліміне алып келген жағдайға жұмыс беруші тарап кінәлі екені анықталыпты. Ведомство таратқан мәлімет бойынша, жатақханалардың ешқайсысы орталық жылыту жүйесіне қосылмаған. Сондықтан жұмысшылар әр бөлмеде жеке жылытқыш құралдарын пайдаланған. Оттың тұтануына электр жүйелерінің шамадан тыс қызуы себеп болыпты. Жұмыс беруші тарап бүгінгі таңда ажал құшқандардың отбасына 50 млн теңге көлемінде жәрдем көрсетуге уәде берген. Айта кетейік, наурыздың 2-сі күні Қарабатанда жатақхана өртенген болатын. 7 адам көз жұмып, 4 адам ауыр халде аурухана жеткізілген еді.


Теги: қарабатан