«Цифрлық Қазақстан» ел бойынша іске қосылды

«Цифрлық Қазақстан» ел бойынша іске қосылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Цифрлық Қазақстан» ел бойынша іске қосылды. Жыл басында Елбасының тапсырмасынан кейін сандық жүйеге ауысу жобасы әзірленген болатын. Қыркүйекте көпшілік назарына ұсынылған бағдарламаны Президент қайта жетілдіруге жіберген еді. Бүгіндері олқы тұстардың бәрі түзеліп, еліміздің біраз өңірі жобаны іске асыруға белсене кірісіп кеткен. Оның ішінде денсаулық сақтау саласы алғашқылардың бірі болып отыр.

«Негізі дәрігерге ғаламтор арқылы жазылу жүйесі бірнеше жыл бойы жұмыс істеп келеді. Бірақ, барлық аймақтарда емес. Себебі, әр өңірдің өзіндік ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы әр деңгейде. Ал, Қарағандыда тіркеуге тұру 1 минуттың ішінде жүзеге асатынына көзіміз жетті»,-деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, Ләззат АҚТАЕВА.

Сонымен қатар, «Цифрлық Қазақстан» жобасы аясында биыл елімізде  «Патронажды медбике мен балалар денсаулығына жіті көңіл бөлетін» мобильдік қосымша іске қосылады. 2019 жылдан бастап, барлық медициналық мекемелер толыққанды қағаз бастылықтан арылып, электрондық жүйеде жұмыс атқармақ.

«Жалпы алғанда бұл жоба бүкіл елді қамтиды.Цифрлық жүйеге ауысу үшінде барлық аймақ ғаламтормен қамтылуы тиіс. Яғни, қазіргі кезде облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалалар интернет желісімен 100 пайыз қамтылған. Ал, елді-мекендерге әлі толыққанды жеткен жоқ. Осы бағытта қазір жұмыс күшейтіліп отыр»,-деді деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, Ләззат АҚТАЕВА.


Новости партнеров