Сақ қорғаны және өзге де жобаларға 7 млрд теңгеден аса қаржы бөлінді

Сақ қорғаны және өзге де жобаларға 7 млрд теңгеден аса қаржы бөлінді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Боралдайдағы сақ қорғаны мен Райымбек батыр кесенесі жаңа кейіпке енеді. Алдағы уақытта қалада жүзеге асырылатын жобалар туралы қоғамдық кеңес алдында өткен есептік кездесуде мәдениет және архивтер басқармасының басшысы Ханзада Есенова айтып берді. Мәселен, сақ қорғанында шеберханасы бар және келушілерге арналған жүргіншілер жолы үлкен кешенге айналады.

«Сақ қорғаны мәдени мұра тізімінде енген. Сондықтан оны сақтауымыз керек. Онда кешен тұрғызудағы мақсатымыз - тарихи орындарға деген қызығушылықты арттыру»,-деді Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасының басшысы Ханзада ЕСЕНОВА.

Сақ қорғаны және қалада жүзеге асырылатын өзге жобаларды өткізуге биыл қала қазынасынан 7 миллиард теңгеден аса қаржы бөлінген. Алдағы алты айда 52 шара өткізу жоспарланған. Оның ішінде 9 концерт, 20 фестиваль мен байқау және 5 мерейтой бар. Қоғамдық кеңес мүшелері Алматыда «Музей түні» сынды «Кітапхана түнін» ұйымдастыруды ұсынды.

«Ұсынылған кітапхана түні шарасында танымал мәдениет қайраткерлері, сондай-ақ бизнесмендер кітапханашы болып жұмыс істесе. Осы арқылы кітап оқитын және кітапханаға келетін азаматтар санын ұлғайтсақ деген ой бар», -деді Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі Думан ҚАПАСОВ. 

Новости партнеров