|
09.07.2018 | 16:58
1247

Қарағандыда көлік жүргізушісі қоларбадағы баланы қағып кетті

Қарағандыда көлік жүргізушісі қоларбадағы баланы қағып кетті

Mercedes маркалы көліктің жүргізушісі көпқабатты үйдің ауласынан шығып бара жатып, қоларбада отырған баланы қағып кетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Liter.kz сайтына сілтеме жасап.

Ер адам Орбита-1 ықшамауданындағы үйдің ауласынан шығып бара жатқан. Ол коляска сүйретіп бара жатқан әйелді байқамай қалған, сөйтіп 2016 жылы туған сәби отырған қоларбаны қағып кеткен.

Сәби сол жақ сан сүйегінің жабық жарақатын, үлкен жіліншігінің жабық жарақатын алған және сол жақ білегі жарақаттанған. Сәби ауруханаға жеткізілді.

Полиция қызметкерлері жүргізушіні қылмыстық жауапкершілікке тартты және ол сотта кінәсін мойындап, өкініш білдірді.

Айыпталушы 160 сағат қоғамдық жұмысқа тартылып, көлік жүргізу куәлігінен 2 жылға айырылады. Зардап шегушінің материалдық шығынын өтеу үшін 45 000 теңге, ал моральдық шығынын өтеу үшін 500 000 теңге төлейтін болады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир