|
09.07.2018 | 17:14
1300

Қостанайда газ баллоны жарылып, ер адам зардап шекті

Қостанайда газ баллоны жарылып, ер адам зардап шекті

Қостанайдағы пәтерлердің бірінде газ баллоны жарылды. Пәтер иесі оны өз бетімен сөндірмек болып, денесін қатты күйік шалған. Бұл ақпаратты Қостанай облыстық ТЖД баспасөз қызметі растап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Попович көшесіндегі үйлердің бірінде газ баллоны жарылды. Өрт салдарынан үйдегі кейбір жиһаздар жанып кеткен. Пәтер иесі құтқарушылар келгенге дейін өртті сөндіріп үлгерген, алайда 53 жастағы азамат баллонды шығарам деп өзі күйіп қалған», - деді Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Ер адамның мойны, кеудесі, екі қолы күйіп қалған. Салдарынан зардап шеккен азамат үшінші дәрежелі термиялық күйік диагнозымен Қостанай қалалық ауруханасына түскен. Науқасқа медициналық көмек көрсетілді, алайда ол ауруханаға жатудан бас тартты.

Фото: mgorod.kz

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

Прямой эфир