Қарағандыда мектеп отқа оранды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
12 қыркүйекте Қарағандыда Восток-1 шағын ауданында орналасқан №36 орта мектебінде өрт шықты, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖ жөніндегі комитеті.
Өрт 20.56-де басталған. Шатырдың ағаш конструкциясы тұтаныпты. Өрт аумағы 300 шаршы метрді құрайды. Өрт 22.55-те сөндірілді. Төтенше жағдайдан ешкім зардап шеккен жоқ.
Қарағанды облысының Білім басқармасы басшылығы балаларды басқа мектептерге бөлу туралы шешім қабылдаған.
Өрт сөндіруге 55 адам және 15 техника қатысты.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
07.11.2026 09:20
Ішкі үйлесімге көңіл бөліңіз: 7 қарашаға арналған жұлдыз жорамал
07.11.2026 09:55
Қарызды төлей алмасаңыз, берешекті реттеудің қандай жолдары бар
06.11.2026 10:34