Алматы әкімі Индустриалды аймақтың инфрақұрылымы құрылысының барысымен танысты

Алматы әкімі Индустриалды аймақтың инфрақұрылымы құрылысының барысымен танысты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Индустриалды аймақтың инфрақұрылымымен танысты. Қала басшысы отандық картридж бен күн батареяларын өндіретін компанияның жұмысын бағалады. Аталған өндіріс орны жылына 75 мыңнан көп картридж шығарады. Қазір кәсіпорында 40 адам жұмыс істейді екен. Сонымен қатар, 2019 жылға дейін өндіріс көлемін екі есеге ұлғайту жоспарда бар. Ол кезде, тағы да жаңа жұмыс орны ашылады. Қала басшысы Индустриалды аймақта отандық өнімдерді көбейтіп, инновациялық өнімдер шығаруға жіті назар аударылатынын атап өтті. Сондай-ақ Алматы әкімі кабель өндіретін ресейлік зауыттың, үлкен диаметрлі құбырлар дайындайтын қытайлық кәсіпорынның, инженерлік жүйе қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жапондық компанияның құрылысымен танысты. Еске салайық, осы күні Индустриалды аймақта құрылыс, фармацевтика, химия, тамақ және жеңіл өнеркәсіп салалары бойынша 40 ірі отандық және шетелдік жобалар жүзеге асуда.  

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мегаполиске қосылған елді мекендерде барлық жағдайлар жасалуда. Алатау ауданындағы Индустриалды аймақ кәсіпкерлікке қолдау көрсету мақсатында құрылған. Сонымен қатар, Алматының әлеуетті өндіріс орындарын дамытуға бағытталған. Кәсіпорындардың ашылуы Алатау ауданында жаңа жұмыс орындарының пайда болуына мүмкіндік береді», - деді Алматы қаласының әкімі Бауыржан БАЙБЕК.


Новости партнеров