|
19.07.2018 | 13:50
1730

Қаруланған радикалды діни топ ұсталды

Қаруланған радикалды діни топ ұсталды

Қарағанды облысында радикалды діни топтың іс-әрекетінің жолы кесілді. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды otyrar.kz «ҚазАқпарат» агенттігіне сілтеме жасап.

«2018 жылғы 18 шілдеде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қарағанды облысының Сәтбаев қаласында радикалды діни топтың іс-әрекетінің жолын кесті. Арнайы операция жүргізу барысында топтың 3 мүшесі ұсталып, олардан суық қару және діни мазмұндағы материалдар алынды. Аталған тұлғаларға лаңкестік топ құрды және оның әрекеттеріне қатысты, сондай-ақ терроризмді насихаттады деген күдік келтірілуде», — делінген таратылған хабарламада.

Мәлім болғандай, аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Басқа мәліметтер тергеу мүддесіне орай жарияланбайды.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир