Кәсіпорындарды электрэнергиясымен жабдықтау енді жеңілдей түспек

Кәсіпорындарды электрэнергиясымен жабдықтау енді жеңілдей түспек
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Кәсіпорындарды электрэнергиясымен жабдықтау енді жеңілдей түспек. Бизнесін дөңгелетем деуші кәсіпкерлер мекемесін жарықпен қысқа мерзімде қамти алады. Яғни, бұрын электр жүйесіне қосылуға өтініш берген күннен бастап, жарыққа толықтай қол жеткізгенше екі жарым айдай күтуге мәжбүр еді. Енді жарықты қосуға кететін уақыт пен қаржы, берілетін түрлі рұқсатнамалар қысқарып, қағазбастылық азаймақ.

«3-4 жыл бұрын осы электро жүйелерге қосылуға 7/9-ға шейін процедура болса, қазір біз соны 6 процедураға дейін азайттық. Соны енді ары қарай қалай азайту керек. Мына кәсіпкерлер электрожүйеге қосылу үшін көп уақыт кетірмей, қаражатын азайту. Мысалы ретінде, осы энергия компаниясы барлық құжаттарды өзі жинап, өзі алатын қылып сондай мәселелрді қалай жасау керек соны талқылаймыз ба деп ойлап отырмыз»,- деді Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі комитетінің төрағасы, Сұңғат ЕСІМХАНОВ.


Новости партнеров