Каспийдің құқықтық мәртебесі: теңіз бе, көл ме?

Каспийдің құқықтық мәртебесі: теңіз бе, көл ме?
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Каспий теңіз бе, әлде көл ме?» деген сұраққа нақты жауап берілді. Еліміздің Сыртқы істер министрлігінің өкілдері жақында ғана «Каспийдің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға» орай, суға қандай дәреже берілгендігін арнайы брифингте айтты.

Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Зүлфия Аманжолова Ақтау саммиттінде Каспий маңындағы бес ел бұл мәселені талдағанын тілге тиек етті. Қазақстан тарабы жиырма жылдан бері талай пікірталас тудырған сұраққа 1982 жылғы Біріккен Ұлттар Ұйымының теңіз туралы конвенциясына сүйеніп, батыстағы суды «теңіз» деп ұйғарған.  Ал Әзербайжан Каспийге «көл» дәрежесін беруді ұйғарыпты. Неліктен бұлай екенін мамандар толық түсіндіріп кетті.  

«Егер Конвенцияға зер салсаңыз, құжат бойынша Каспий түбі теңіз деп танылып, солай бөлінген. Ал су бетін көл деп қарап, сәйкесінше, солай бөлдік. Біз «mutatis mutandis» түсінігін ала отырып, яғни Каспийге теңізге сай ережелерді іске асырдық. Мәселен, аймақтық теңіз құқығында 12 миль деген шектеу болса, біз Конвенцияда 15 теңіз милін қолдандық. Демек, біз ерекшелік енгіздік», – деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Зүлфия АМАНЖОЛОВА.

Естеріңізге сала кетсек, Ақтауда Каспий маңы мемлекеттері басшыларының қатысуымен бесінші саммит өтті. Ресей, Иран, Түркменстан, Әзербайжан мен Қазақстан президенттері басқосқан жиында теңіздің құқықтық мәртебесі, аталмыш мемлекеттер арасындағы түрлі саладағы қарым-қатынас жайы талқыланған болатын.


Новости партнеров