Қатерлі дертке шалдыққан 4 жасар бала көмекке зәру. Павлодарлық Оразәлі Утжановқа ақ халаттылар әу баста диагнозды дұрыс қоймай, өзге аурудан емдеген көрінеді. Салдарынан сан түрлі дәрілер бүлдіршіннің бүйрегін бүлдірген. Ауыр халдегі бөбегіне дауа іздеп бармаған жері қалмаған ата-ана Оразәліні Оңтүстік Кореядағы ауруханалардың біріне жатқызады. Бір жылға жуық уақыт шет елде ем қабылдаған ол жақын күндері туған жеріне оралды. Дегенмен, көп ұзамай балақайдың жағдайы күрт нашарлаған. Қазір ол ауыр халде жан сақтау бөлімінде жатыр.
Оразәлі әрі қарай ем қабылдауы үшін шұғыл түрде санавиация арқылы Оңтүстік Кореяға аттануы керек, дейді дәрігерлер. Дегенмен, 5 балалы отбасы аты жаман ауруға шалдыққан кенжелерін шет елге алып бару түгілі, күнделікті еміне қаржы таппай отыр. Сондықтан бауыр еті баласын аман алып қалу үшін көп балалы ата-ана жомарт жандардан көмек күтеді.