Қазақ әдебиеті тағы бір тың туындымен толықты

05.04.2018 16:08

Қазақ әдебиеті тағы бір тың туындымен толықты. «Тұманды жарған ай» кітабының авторы - шымкенттік Тұрсынай Ләлібаева. Жалпы еңбектің шығуына баспа үйі мен қалталылар көмектескен. Кітап мың данамен басылып шыққан. Тұрсынай сатылымнан жиналған қаржыны қайырымдылыққа жұмсамақ. Туғанынан сал ауруына шалдыққан бойжеткен оны қолдарының икемі келмегендіктен, аяғымен жазып шығыпты. 24 жастағы ару ақындық, жазушылық қасиеттен бөлек, қолөнер бұйымдарын жасағанды ұнатады. Тоқыма тоқиды, моншақтарды тізіп түрлі бұйымдарды дайындайды.

«Аяғымдағы бас бармағымен қолөнерді тоқиды. Моншақтармен түрлі бұйымдарды істейді. Бәйтеректерді тоқимыз. Жұрт тапсырыс берсе, соны тоқи береміз. Былайша үйде өзіміз де тоқып қойып жатырмыз», - деді Тұрсынай Ләлібаеваның анасы Қалдықыз САЛМАНОВА.


Теги: кітап