Қазақ елі футболдан әлем кубогын екінші рет қабылдады

Қазақ елі футболдан әлем кубогын екінші рет қабылдады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әлем кубогы Алматыға жеткізілді. Жаһандық жарыстың бас жүлдесімен қала тұрғындары суретке түсу мүмкіндігіне ие болды. Алты құрлықты аралап жүрген кубоктың түп нұсқаның біздің елге әкелінуіде бекер емес екен.

Қазақстан әлем кубогын екінші рет қабылдап жатқан Орталық Азиядағы алғашқы мемлекет. Бұған дейін алтын трофей 2010 жылы жеткізілген болатын. Кубокты Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері, Қазақстан футбол федерациясы және бірнеше БАҚ өкілдері салтанатты түрде қарсы алды. Жаһандық жарыстың бас жүлдесін қазақстандықтарға таныстыру Әлем және Еуропа чемпионы, 20-шы ғасырдың «Үздік футболшысы» Криастан Карамбёға бұйырыпты.

«Әлемдік турне бойынша Алматы 9-шы қала. Бұл тек бастамасы. Әлі алда 120-дан астам қала бар. Жазда өтетін әлем чемпионаты, адамдардың футболға деген қызығушылықтарын арттырады деп ойлаймын», - деді футболдан әлем чемпионы Кристиан КАРАМБЁ.

Әлем чемпионаттарының алдында өткізілетін дәстүрлі тур 9 қыркүйекте Мәскеудегі «Лужники» стадионында басталды. Бұл трофей біздің елге Пәкістаннан келіп, өз сапарын Қырғызстанда жалғастырады.  Өкініштісі, Ресейге біздің аяқдопшылар бармайды. Алайда, Қазақстан футбол сүйер қауымы әлем кубогының Алматыға жеткізілгеніне қуанышты.  

Жалпы, кубоктың салмағы 6 кг-нан асады. Әлем чемпионатының бас жүлдесі 50-ден аса мемлекетті, 120-ға жуық қаланы аралайды. Соңында Ресейге, дүбірлі доданың финалы болатын стадионға жеткізіледі.


Новости партнеров