Қазақ халқы қоғам қайраткері Жексенбек Еркінбекұлымен қоштасты

Қазақ халқы қоғам қайраткері Жексенбек Еркінбекұлымен қоштасты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақ халқы Алаштың абыз ақсақалы, қоғам қайраткері Жексенбек Еркінбекұлымен қоштасты.  Қазақ мәдениеттің өрлеуіне өлшеусіз үлес қосқан қоғам қайраткері 88 жасына қараған шағында өмірден озды. Қарапайым  домбырашы-дирижер мамандығын бітірген жігіт отыз жасында орда бұзып,  Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының директорына тағайындалған. Жалпы өмірін өнерге арнаған Еркінбеков  онға жуық мәдениет ордасын басқарған. Оның көзін көріп, бірге қызметтес болған жандар Жексенбек аға жетекшілік еткен жылдар қазақ мәдениетінің қарыштап алға дамыған кезі, дейді. 11 жыл қазақ КСР-нің Мәдениет министрі  болған кезде  қазіргі Республика сарайы, М. Әуезов театры,  Лермонтов атындағы театрлардың ғимараттары,  Алматы хореографиялық училищесі, Күләш  Бәйсейітова, Ахмет  Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған музыка мектептерін,  орталық концерт залы, Ұлттық және  Қастеев атындағы мұражайлар сынды жалпы саны 200-ге жуық мәдени ошақтардың ашылуына себепкер болған.  

«Өнерді өзіне қызмет етуге емес, өзі қызмет етуге, өнердің қаншама тұлғаларының тізгінін ұстап жүргеннің өзінде, мына өткен ғасырда қазақ өнерінің жарқырап жұлдызы жанған шағында сол тұлғаларды алақанына салып ұстайтын. Солардан білімі, парасаты жоғары болсада солардың алдында өзін кісілік пен кішіліктің үлгісін көрсете  отырып жетекшілік жасап еді. Өнердің көшін бастап еді. Сондықтан біз бүгін сондай бір тұлғамыздан, өнердің өркенін өсірген  үлкен жүректі ұлы тұлғамыздан айырылып тұрмыз», - деді Қазақстан жазушылар одағының төрағасы Нұрлан ОРАЗАЛИН.


Новости партнеров