Отандық және халықаралық жолаушы тасымалдаушыларға деген талап күшейтіледі

Отандық және халықаралық жолаушы тасымалдаушыларға деген талап күшейтіледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бұдан былай халықаралық және Отандық жолаушы тасымалдаушыларға деген талап күшейтіледі. Оған Ақтөбе облысында болған қайғылы жағдай бірден-бір себеп. Еске сала кетейік, 18 қаңтарда Самара-Шымкент тас жолында өртенген автобуста 52 адам тірідей жанып кетті. Кейін автобустың техникалық тексеруден өтпегені, әрі жолаушы тасымалдауға ешқандай лицензиясының болмағаны анықталған болатын. Енді осы қайғылы жағдайдан кейін жолаушылар автобусы ғана емес тасымал компаниялары да қатаң тексерістен өтетені болады.

«Ұйымның өзіне, басшылары мен қожайындарына қояр сауал аз емес. Тексеру жұмыстары барлығын анықтайды деген ойдамыз. Десе де, Ішкі істер министрлігімен  бірге біз жүйесіз тасымалдаушыларға қатысты заңды қатаңдату жайын қолға алмақпыз. Әрі, ол заңмен бекітілуі тиіс», - деді ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс ҚАСЫМБЕК.


Новости партнеров