Қазақстан Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартты ратификациялайды. Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан «Өткенді еске алып, болашаққа көз тік» атты халықаралық конференцияда ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жаһандық қауіпсіздік және келер ұрпақ үшін сенімді болашаққа әлем толықтай ядролық қарудан азат болғанда да кепілдік болады. Қазақстан мемлекеттің ұлттық қауіпсіздікті ынтымақтастық жолымен ғана қолдауға болатындығына сенімді және халықаралық қоғамдастыққа ядролық қарудан азат әлемді көруге көмектесті. Бұл жетістік саналады. Сіздерді қазақстандық тәжірибеге назар аудартып, сәйкесінше Үкімет пен Парламентке Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартына қол қойып, ратификациялауға итермелеуге шақырамын», – деді министр.
Осы ретте ол Қазақстан ядролық қарусыз әлемге қол жеткізу үшін барлық деңгейде белсенді жұмыс жасауға ниетті екендігін баса айтты.
«Біз барлық деңгейде, оның ішінде азаматтық қоғаммен де ортақ мақсатымызға қол жеткізу үшін барлық деңгейде белсенді жұмыс істеуге ниеттіміз. Бұл жұмыстар 2012 жылы Қазақстан іске қосқан АТОМ халықаралық жобасымен өзара іс-қимылды қамтиды. Оның миссиясы ядролық қару сынақтарына толықтай тыйым салуға жаһандық қолдауды нығайтуға бағытталған. Біз ядролық сынақтарды түбегейлі шектеуге шақырамыз», – деді Қайрат Әбдірахманов.