Алматыда хирургтер науқастың қалқанша безіне тіліксіз ота жасады

Алматыда хирургтер науқастың қалқанша безіне тіліксіз ота жасады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шетелдік дәрігерлер 65 жастағы науқастың қалқанша безін ешбір тілік жасамай алып тастады.

16 шілде күні Қазақстан хирургиясында алғаш рет, Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында әйел адамның қалқанша безі еш тілік жасамай алынып тасталды, деп хабарлайды sputniknews.kz.

«Қазақстанда алғаш рет ауыз қуысы арқылы, ешбір тілік салмай, 65 жастағы науқастың қалқанша безін алып тастау операциясы жасалды», деп мәлімдеген иституттың баспасөз қызметі.

Әйелдің қалқанша безі жеті жыл бұрын ауыра бастаған. Сол кезде дәрігерлерге алғаш рет қаралыпты. Тексеру барысында Римманың күдігі расталып шықты: УЗИ көрсеткендей, қалқанша безінде түйіндер пайда болған екен.

Операцияның жаңа әдіспен жасалатынын науқас стационарға жатар алдында білген. Отаны Алматыға шеберлік сағатын өткізуге шақырылған шетелдік мамандар – неміс профессоры Мартин Штрик пен медицина ғылымдарының кандидаты, ресейлік Антон Пришвин жасады.

Бұл отаның ерекшелігі сол, біріншіден, науқастың денесінде ешбір тыртық қалмайды. Екіншіден, операциядан соң тез оңалып, ауруханада ұзақ жатпайды.

Енді барлық керекті құрылғысы мен білімі бар қазақстандық хирургтер осындай операцияны өздері де жасай алады, деп хабарлайды Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының баспасөз қызметі.


Новости партнеров