Түркияға демалуға аттанған қазақстандық туристер елге қайта алмай қалды

Түркияға демалуға аттанған қазақстандық туристер елге қайта алмай қалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркияға демалуға аттанған қазақстандық туристер елге қайта алмай қалды. Оған айыпты түріктің әуе компаниясы. Түнде 30 отандасымыз Антальядан Стамбулға, кейін әрі қарай Алматыға қайтулары тиіс еді. Алайда, белгісіз себептермен "ОНУР ЭЙР" әуекомпаниясы рейсті бастапқыда 2 сағатқа кейінге шегерген. Ізінше, туристерді түнге дейін күткізіп қойған. Содан соң, мүлде ұшпайтын болып шешіпті. Нәтижесінде, 20 қазақстандық өз еріктерімен Стамбулға аттанған. Қалғандары кішкентай балаларымен не тамаққа, не қонар жерге ақша таппай, Антальядағы Қазақстанның елшілігінен көмек сұраған. Енді, отандастарымыз елге оралған соң, өз міндетін орындамаған әуе компанияны сотқа бермек.

«Біздің мұндағы консул бірден әуежайға барған. Ол да ұшақтың неге ұшпағанын білуге тырысқан еді, бірақ Түрік әуежайының басшылығы қандай да бір ақпарат беріп, жағдайды түсіндіруден бас тартқан. Консулдық тарапынан азаматтарға шұғыл түрде көмек көрсетілді. Жатын орын мен ыстық тамақпен қамтылды. Оларды Қазақстанға қайтару бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр»,- деді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі, Әнуар ЖАЙНАҚОВ.


Новости партнеров