Қазақстандық мұғалімдер 140 мыңға дейін жалақы алатын болады. Бұндай мәліметтер Білім және ғылым министірлігінде айтылды. Жалпылай алғанда, еліміздегі ұстаздардың 67 пайызының айлығы өседі. Ұстаздар айлығын көтеру мәселесі мемлекет басшысының өткен аптада жарияланған халыққа Жолдауында көтерілген.
«Олар 133 мың теңге көлемінде жалақы алатын болады. Қаладағы 15 жыл тәжірибесі бар бірінші санаттағы мұғалімдерге 24 мың теңге болады, ауылдағылар 25 мың 860 теңге алады. Бұндай көрсеткіш толымды жүктеме жағдайында ғана төленеді. Одан қалды, жаңа жүйе бойынша тәжірибесін арттыратындарға да айлық қосылмақ», - деді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл АСЫЛОВА.
Министрлік таратқан мәлімет бойынша, қаңтардан бастап 1-ші,2-ші,5-ші және 7-ші сынып тәлімгерлері, ал қыркүйектен бастап, 3-ші,6-ші сондай-ақ 8-ші сынып оқытушыларының айлығы артады. 2019 жылдың құркүйегінен 4-ші,9-ші әрі 10-ші сынып жетекшілерінің әмияны қампайса, 2020 жылы 11-ші сынып мұғалімдерінің жалақысы жоғарлайды.