|
31.07.2018 | 11:33
2333

Қазақстандықтар жоғары білім алу үшін арнайы қорда қаржы жинай алады

Қазақстандықтар жоғары білім алу үшін арнайы қорда қаржы жинай алады

Отандастырымыздың білімге деп жинақтаған соммасы 16 миллиард теңгеден асып жығылады.

Бүгінде еліміздегі 400-ден астам студент «Білім беру жинақтау жүйесі» арқылы оқуда. Тәлімгерлердің басым бөлігі Алматы мен Астана қалаларында  білім алуда.

2014 жылы іске қосылған жүйе аясында 20 мыңға жуық салымшы тіркелген. Салымшыларға 12 пайызға дейін банктік сыйақы беріледі. Оған қоса 5 пайыз мемлекеттік  сыйақы қосылып отырады.

«Бұл жүйе Бельгия, Канада секілді мемлекеттерде бар. Бірақ Қазақстанда мемлекет тарапынан берілетін сыйақы – ең жоғарғы мөлшер. Бүгінгі таңда 19 мыңнан астам білім беру жинақтау салымы тіркеліп отыр. Сондай-ақ, 403 студент осы жүйе аясында білім алып жатыр», – деді «Қаржы орталығы» АҚ президенті Асқар ЫБРАЙЫМОВ.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир