Енді кез келген қазақстандық азамат смартфонмен құнды қағаздар саудасын қыздыра алады. Ұлттық банк арнайы қосымшаны іске қосты. Данияр Ақышевтің айтуынша, қосымшаның барлық қызметі тегін. Салық та алынбайды. Қосымшада жұмыс істеу үшін алдымен тіркелу керек.
«Осы қосымша арқылы қазақстандықтардың құнды қағазға деген қызығушылықтарын көруге болады. Онлайн режимде сауда жасау өте ыңғайлы. Жүйе 24 сағат жұмыс істейді. Бұл жоба Ұлттық банк ноталарын жарнамалауға арналмаған. Керісінше, электронды сауданың оңай жасалатынын көрсететін қосымша», - деді ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр АҚЫШЕВ.
Қазір ноталарды 92 тенгеден сатып алып, 1 жылдан кейін 100 тенгеге сатуға болады. Айта кетейін, құнды қағаздың бағасы күнделікті өсіп отырады. Сонымен қатар, Ұлттық банк электронды ақша да шығарды.