Отандастарымыз тіркеуде тұрғаны жайлы дәлелдеуге міндетті емес

Отандастарымыз тіркеуде тұрғаны жайлы дәлелдеуге міндетті емес
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Отандастарымыз тіркеуде тұрғаны жайлы құқық қорғау органдарына дәлелдеуге міндетті емес. Бұл туралы Елордалық Ішкі істер департаменті көші-қон полициясы басқармасының басшысы Гүлвира Дөненбаева хабарлады. Оның айтуынша, тәртіп сақшылары ел азаматтарының тұрғылықты жерін Ішкі істер министрлігінің арнайы базасы арқылы қарап біле алады. Үй иелері тек қана арнайы профилактикалық шара кезінде, яки пәтер иелері кооперативі Ішкі істер органдарына шағым түсірген кезде ғана тексеріледі. Ал, Универсиада қарсаңында тәртіп сақшыларының жұмысы күшейтілді. Нәтижесінде,  Алматы облысында 5 қылмыскер ұсталған. Олар бұған дейін көлікті қолды қылғандары үшін және есірткі заттарын сақтағаны үшін іздеуде болған. Одан бөлек, осы күнге дейін полицейлерден бұқпантайлап келген 4 адамның мекен-жайлары анықталды. Талғар, Қарасай, Іле, Еңбекшіқазақ аудандарындағы қоғамдық тәртіпті бақылауды қатаңдату үшін тексеру жұмыстарына 1000 полицей тартылған. Ал, көші-қон полициясы жүргізген тексерістер нәтижесінде аймақта 153 шетел азаматы жауапкершілікке тартылды

Новости партнеров