|
13.01.2017 | 09:30
1814

Универсиада билеттері оқушылар мен студенттерге жеңілдікпен сатылады

Универсиада билеттері оқушылар мен студенттерге жеңілдікпен сатылады

Универсиада билеттері оқушылар мен студенттерге жеңілдікпен сатылады. Олар кез-келген жарыс түріне билетті 500 теңгеге ала алады. Сондай-ақ, 50 пайыздық жеңілдіктер мүгедектерге де қарастырылған. Ал, соғыс және еңбек ардагерлеріне бәсеке билеттері тіпті 70 пайыз жеңілдікпен берілмек. Қазіргі уақытта дүбірлі доданы тамашалағысы келгендер 71 мыңнан астам билетті сатып алып үлгеріпті.


Универсиада ойындарына арналаған билеттер 15 қазаннан бастап онлайн сатылымға шыға бастады. Ал, кассаларда 25 қазаннан бастап қолжетімді болған еді. Содан бері 71 мың 220 билет сатылып үлгеріпті. Спорттық доданы тамашалағысы келгендердің қатарында Алматы мен Астана қалаларының, сондай-ақ Алматы облысының тұрғындары көп. Ал, сұранысқа әсіресе ерлердің хоккейі, шорт трек және мәнерлеп сырғанау спорт түрлері ие екен. Билеттерді  мүгедектер 50 пайыздық жеңілдікпен сатып ала алады. Ал, соғыс және еңбек ардагерлеріне 70 пайыз жеңілдік қарастырылған. Осы ретте,  мектеп оқушылары мен студенттерге де жеңілдік бар. Олар кез-келген жарыс түріне билетті 500 теңгеге ала алады. 


Бұл қаладағы спорт мектептерінің бірінде білім алатын 15 жасар Алькен Боронгазов. Ол олимпиада чемпионы болып, Қазақстанның атын күллі әлемге таныту үшін, күндіз-түні тынбай жаттығуға дайын. Ал, келе жатқан Универсиада ойындары, болашақ чемпион үшін танымал спортшылардың шеберлігін өз көзімен тамашалауға  таптырмас мүмкіндік. Өйткені, Алматының мектеп оқушылары дүбірлі дода кезінде қосымша демалысқа шығады.


«Мені барлығынан бұрын шаңғыдан жарысқа қатты қызығып отырмын. Өзім шаңғымен айналысқандықтан, осы спорт түрінен сайысты асыға күтудемін. Әрине, өзіміздің елдің спортшыларына жанкүйер боламын»,- Алматы қаласы №7 олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған мектебінің оқушысы, Алькен БОРОНГАЗОВ.


Қала мектептерінің оқушыларына жарыс кезінде қосымша демалыс берілгеніне әсіресе спорт мектептерінің ұжымы қуануда. Жаттықтырушылар оқушыларымен бірігіп спорттың барша түрін тамашалап қана қоймай, танымал спортшылар мен жаттықтырушылардың шеберлігіне тәнті болмақ. Бұл тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін орта дейді жаттықтырушылар.


«Автобус болады деп айтты бізге, арнайы автобустар балаларды Универсиадаға  апарып, спортсмендерді көрсетуге. Олардың қандай дәрежеде жүгіретінін көрсе ол балалар сол дәрежеге жетуге тырысады деп ойлаймын. Өйткені, ол балалардың көріп, естігенінен қарағанда қатысып, соларға үлес қосқандары оларға ұнайды деп ойлаймын»,-деді Алматы қаласы №7 олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған мектебінің жаттықтырушысы, Қорлан ӘБЕН.


Естеріңізге сала кетсек, 28-ші Қысқы Универсиада ойындар 29 қаңтар күні бастау алады. Ал, спорттық сайыстар 28-інен басталады. Сайыстарға билет сатылымы әлі де жалғасуда. Олардың құны 300 теңге мен 3,500 теңге аралығында.


Айдана Мейрамбайқызы, Мұрат Тайжанов, «Алматы» телеарнасы



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир