|
12.07.2018 | 12:30
2395

Қажылыққа баратын қазақстандықтар менингитке қарсы екпе алуы тиіс

Қажылыққа баратын қазақстандықтар менингитке қарсы екпе алуы тиіс

Қажылыққа баратын қазақстандықтар менингитке қарсы екпе алу керек. Онсыз құлшылық жасаушыларды Қасиетті Меккеге кіргізбейді.

Еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин екі аптадан кейін басталатын үлкен Ұмраға дайын болуға шақырды. Бекшин Ислам дініндегі бес парыздың бірін өтеушілер жеке тазалығына да жіті назар аудару керектігін ескертті.  

«Қолды жиі сабынмен жуу керек. Тазалайтын, қол сүртететін майлықтарды өздеріңізбен ала жүріңіздер. Дертке шалдыққандардың жеке заттарын қолданбаған жөн. Адам көп жерде арнайы тұмшалайтын маска таққан жөн», – деді ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек БЕКШИН.

Ал егер де қажылықта өзіңізді жайсыз сезінсеңіз, бірден дәрігерге қаралу керек, деді Жандарбек Бекшин. Айта кетсек, жыл сайын үлкен қажылыққа әлемнің 160 елінен 2 миллион мұсылман аттанады. Бас санитарлық дәрігер Таиланд, Үндістан, Вьетнам және Азияның Оңтүстік-Шығысында дем алып жатқан немесе жазды сонда өткізуге ниетті отандастарымызға да құлақ қағыс жасады. Қазір аталмыш елдерде жұқпалы аурулар санатына жататын Денге безгегі өршіп тұр. Басты тасымалдаушысы – маса. Сондай-ақ тырысқақ дерті де жайлаған деді.

«Сондықтан масаға қарсы жақпа маздарымен қамдану керек. Киім ашық түсті болған жөн. Өйткені, маса немесе кене жабысқанда ақ киімнен бірден көрінеді», – деді ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек БЕКШИН.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир