Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті халықаралық бағыттағы рейстердің жиілігін арттыру бойынша жұмыстарды жүргізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш министрліктің Фейсбук парақшасына сілтеме жасап.
«2018 жылғы 19 қыркүйектен бастап көктемгі-жазғы навигацияның аяқталуына дейін (2018 жылғы 27 қазан) «Түрікменстан» әуе компаниясы Ашхабад-Алматы-Ашхабад бағыты бойынша аптасына 2-ден 3-ке дейін рейстер санын көбейтеді. Бұл осы бағыттағы елдер арасындағы әуе тасымалына деген сұраныстың артуымен байланысты болмақ», – делінген хабарламада.
Рейстер дүйсенбі, бейсенбі және сенбі күндері Boeing-737 типті әуе кемесімен орындалады.
Айта кетерлігі, бұған дейін Ұлыбританияға, Біріккен Араб Әмірліктеріне, Ресейге, Грузияға, Өзбекстанға және тағы басқа да елдерге рейстер саны артқан болатын.