|
27.08.2018 | 15:16
1332

Зинур Хамитовты бір топ жігіт ұрып-соққан: 4 күдікті ұсталды

Зинур Хамитовты бір топ жігіт ұрып-соққан: 4 күдікті ұсталды

Алматыда қарызын алуға кетіп, артынша өлі табылған 24 жастағы Зинур Хамитовті жерлеу рәсімі өтті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Еске сала кетейік, алматылық жігіт 23 тамызда жоғалып кетіп, 24 тамызда кешкі уақытта Талғар маңынан өлі табылған еді. Оның денесінде зорлық белгілері болған.

Зинур Хамитовтың жоғалып кеткенін анасы Альфия хабарлаған. Оның айтуынша, ұлы берген 100 мың теңге қарызын алу үшін Алматы маңындағы Тұздыбастау ауылына баруға кетіп, қайтып оралмаған.

Қайтыс болған жігіттің туыстарының айтуынша, оны әбден ұрып-соққан.

«Зинур сұмдық күйде табылды. Тістері қираған, мұрны мүлде басқа жақта түр, көзі ісіп кеткен. Оны әбден азаптап қинаған. Оның бұған қалай шыдағанын түсінбеймін. Оны қинағандарды жазалауға көмек сұраймын», – дейді туыстары.

Туыстары Зинурға кішкентай кезінде жүрегіне ауыр ота жасалғанын еске алды.  Сондай-ақ, олар Зинурдың мектепті өте жақсы деген бағамен бітіріп, анасының мақтанышы болып, оған әрдайым көмектесіп жүргенін айтады. Енді ЖОО-ға түсіп, үйленбекші болған.

Алматы облыстық ІІД өкілдерінің мәліметінше, Зинурдың өлтірді деген 4 күдікті жігіт ұсталды. Олар 20-24 жас аралығында.

«1994-1998 жылдар аралығындағы төрт күдікті ұсталды. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Ұсталған күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.

 Зинур Хамитов. © Әлеуметтік желілерден алынған сурет



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир