|
25.08.2018 | 11:44
2220

Қазақстандықтар кредитке 15 миллион доллар қарыз болып қалған

Қазақстандықтар кредитке 15 миллион доллар қарыз болып қалған

2018 жылдың маусым айының қорытындысы бойынша қазақстандықтардың кредиттік берешегі 5,6 триллион теңгеге (бір долларға 360 теңге бағамымен 15 миллион доллардан астам) жетті, деп хабарлайды Sputniknews.kz.

Жиынтық көрсеткіш айына 2,3 пайызға өскен. Қарыздардың басым бөлігі тұтынушылық кредиттерден тұрады, олар бір айда 51,3 пайыздан 51,7 пайызға дейін өсті. Сонымен қатар онлайн-компаниялардың жылдам қарыздарының үлесі екі пайызға дейін төмендеп, жыл бойғы ең төменгі деңгейді көрсетті. Қазақстандықтар онлайн-кредиторлардың қызметін наурыз айында ең көп пайдаланған — 4,1%.

Жылдам қарыздар бойынша ең төменгі пайыздық мөлшерлеме күніне 0,25-тен 1 пайызға дейін өзгеріп отырады. Онлайн-кредиттеуді реттеу саласындағы заңға сәйкес, мұндай қарыздар бойынша шекті мөлшерлемелер жылына жүз пайыздан аспауы тиіс.

Ranking мониторинг агенттігінің ақпараты бойынша, республикадағы былтыр бөлшек кредиттеу нарығы үш жылдық максимумды жаңартты. Осы уақытта алғаш рет екінші деңгейлі банктердің портфелі бес триллион теңгеден асып, шамамен үштен бірге өсті.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир