Қазақстан сайлау кезінде қағаз бюлетеннен бас тартып, электрондық дауыс беру форматына көшеді. Бұл туралы Астанада Заң жобалау мәселелері жөніндегі ведомствааралық коммисияның отырысында айтылды. Еліміздің «Сайлау» туралы Конституция заңына өзгерістер мен түзетулер енгізу туралы заң жобасы талқыланған отырыста дауыс берушілерді электрондық тізімге енгізіп, аймақтағы сайлау коммиссияларының жұмысын жеңілдету ұсынылды. Мамандар бұл өзгерістерді ұзаққа созбай, алдағы жергілікті маслихат сайлауына енгізуді көздеп отыр. Айта кетейік, бұл бастама «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында қолға алынған.
«Біз сайлауда атам замандағы келе жатқан қағазбастылықтан құтылғымыз келеді. Баяғы үй-үйге бару әдеті жоқ болады енді. Барлық жұмыстарды тек электронды жүйеге ауыстырамыз», - деді ҚР Әділет вице-министрі Наталья ПАН.
Комиссия отырысында Әкімшілік рәсімдеу процессінің кодексі де талқыға түсті. Оған мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес бизнес - қауымдастығы қатысып, өз ойларын ортаға салды.
«Кодекс екі бөлімнен тұрады. Біріншісі - мемлекеттік органдардарға жүгіну мен аталмыш органдардың ішінде шыққан шешіміне қатысты шағым жасау туралы. Екіншісі - процессуалды. Ол сот ісіне байланысты. Мемлекеттік органдардың шешімдеріне қарсы сотқа шағым түсіру жіті қарастырылған. Бұл соттардың атқаратын жұмысы қазіргі «Фемида» қызметкерлерінің жұмысына қарағанда өзгеше болады», - деді ҚР Жоғарғы сот судъясы Денис ШИПП.