Қазақстан университеттерінде «Эразмус плюс» бағдарламасы аясында 30 жоба жүзеге асырылуда

Қазақстан университеттерінде «Эразмус плюс» бағдарламасы аясында 30 жоба жүзеге асырылуда
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еліміздің жоғары оқу орындарында 30 жоба «Эразмус» бағдарламасы аясында іске асырылуда.Білім беру әлеуетін арттыруды көздеген бастамаларға шетелдік білім ордалары да қатысады. Әзірге бұл бағдарлама бойынша Орта Азия мемлекеттері арасында Қазақстан ең көп грантқа ие болған. Бүгінгі күні жобаға 150-ден аса мемлекет қатысып, қаржылай қолдауға ие болған.

«Бағдарламаға қатысушылар жаңа жобамен қатар, жүзеге асырылып жатқандарды жаңғыртуына болады. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарын басқаруды жетілдіру. Жобаның жалпы 3 түрі бар. Әр жобаға еліміздегі 2-3 жоғары оқу орны мен Еуропаның 3 мемлекетінен кемінде 3 жоғары оқу орны қатысуы тиіс»,-деді Қазақстандағы «Эразмус» бағдарламасының ұлттық кеңсесінің директоры Шайзада ТАСБОЛАТОВА.

Новости партнеров